Америка Құрама Штаттары Пәкістанның діни наным-сенім бостандығын шектеу әрекеттеріне қарата санкция салмайтын болды. Бұл туралы АҚШ-тың Исламабадтағы елшілігі арнайы мәлімдеме жасады.
Осыған дейін, Пәкістан билігіне Құрама Штат жағынан "діни сенім бостандығына ерік бермеді" және өңірдегі террорлық топтарды қаржыландырды деген айыптар тағылған болатын. Бір күн бұрын АҚШ-тың Пәкістандағы елшілігі жасаған мәлімдемеде, Уашингтон билігі Пәкістанды «діни бостандық шектеуге Наным-сенім бостандығын шектеген елдер" тізіміне қосқанымен, Исламабадқа қандайда бір санкция салуды жоспарламағанын түсіндірді.
АҚШ тарабынан жасалған тізімде Қытай, Мьянма, Солтүстік Корея және Сауд Арабиясы қатарлы елдер бар. Ал, бұл елдерге Құрама Штаттың заңына сәйкес санкция салынған.
Былтыр ғана АҚШ пен Пәкістан қарым-қатынасы діни сенім бостандығы және терроризм мәселелер бойынша қайшылықтар орын алған еді. Ал, осы келіспеушіліктен кейін Құрама Штат Пәкістанға беріліп келе жатқан қаржылай көмекті тоқтатып тастаған. Соңғы кездегі екі елдің бір-біріне деген талпынысы, өңірдегі экстремизм қаупінің артуына байланысты Құрама Штат пен Пәкістан түсіністікке ие байланыс орнату көздейтінін байқатты.