Палестина азаттық қозғалысы Израильдің Батыс Шериядағы әрекеттеріне жауап қайтару мақсатында шұғыл ұлттық жиналысқа шақырды. Бұл ұлттық жиналыс Палестина азаттық қозғалысының құрылғанына 51 жыл толуына орай декларация жариялаған.
Декларацияда Израиль отаршылдығы тұтас палестиналықтарды нысанаға алғанын, бұған қарсы барлық Палестина азаматтарының өз келіспеушілігін білдіруге шақырған. Әрі, Израильдің Палестина жеріндегі барлық заңсыз әрекеттерін сәтсіздікке ұшыратуға үндеген. Айталық, Батыс Шериядағы Израильдің жаулау әрекеттеріне қарсы тұруға шақырады.
Газа секторында Палестина азаттық қозғалысының құрылғанына 51 жыл толуына байланысты шеру ұйымдастырылды. Шеруге қатысқандар Палестина азаттық қозғалысының туын көтеріп, Палестина азаттығы үшін күресу ұрандарын тастады.
Бұл ұйым араб ұлтшылдары жағынан 1967 жылы құрылған. Содан бері Палестинаның отарлануына, бөлшектенуіне қарсы күресіп келеді.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі