Иран баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізетіндіктерін мәлімдеді. Бұл туралы Уашингтон әкімшілігі ертеректе айтқан болатын.
Жыл сайын 40-50 зымыранды сынақтан өткізіп жүрген Иран елі орташа қашықтықтағы зымыранды сынап көруге батылдық танытып отыр. Әйтсе де, Уашингтон әкімшілігі Иранның мұндай мәлімдемесіне бірден назар аударып отыр. Қазіргі таңда баллистикалық зымыранның ең соңғы тексерісі қалай болғандығы туралы ақпарат жоқ.
Бірінші желтоқсан күні АҚШ-тың бас хатшысы Майк Помпео Иран елін орта қашықтықтағы баллистикалық зымыранды сынақтан өткізуге дайындалуда. Осылайша Тегеран БҰҰ № 2231 заңын бұзды деп өз пікірін білдірген еді.
Сонымен қатар, 5 қараша күні АҚШ Тегеранға қарсы энергетика, теңіз жолы, қаржы секторына бағытталған санкцияның екінші пакетін жолдаған болатын.
Негізінен аталған санкция Иранның ұлттық мұнай компанияларының Халықаралық мүмкіндігін шектеуге және өзге шет елдердің қаржы ұйымдарымен Иран банктерінің қызметін тоқтатуға бағытталған. Сол секілді, ирандық порттар мен теңіз тасмалына да тосқауыл қойылып отыр.
Аталған жағдайдан кейін, Иран билігі БҰҰ-ның Халықаралық сотына АҚШ-тың санкциялары біржақты келісімдерді бұзды деп шағымданған. Сондай-ақ, 1955 жылы жасасқан достық, экономикалық және консулдық келісімнің бұзылғандығын да мәлімдеді.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес