Мьянма елінде қыспыққа ұшыраған мұсылмандардың тағдырына Еуроодақ ұйымы алаңдап отыр. Осыған байланысты Кашын, Шан және Аракан аймағында адам құқығының бұзылуына байланысты санкцияның күшін арттыруды көздеп отыр.
ЕО ұйымының сыртқы істер министрлері жиналған жиын барысында Мьянма елінің ішкі істер департаменті мен әскери күштеріне қарсы санкцияның тағы бір пакетін даярлау талқыланды.
Брюссельде өткен кездесуде ұйымның әрбір өкілдері азиялық елдің адам құқығын бұзып, мұсылмандарға қысым көрсетіп жатқандығын айырықша ескеріп, тәуелсіз Халықаралық тергеу ұйымдастырып сотқа жіберу керектігін де алға тартты.
Естеріңізге сала кетейік, 1970 жылдан бастап рохинья-мұсылмандарына қауіп төніп, этникалық тазалауға іліккен болатын. Сол уақыттан бері екі миллионға жуық тұрғын көрші елдерден пана тапса, Бангладешке қарай бет бұрғандардың 700 мыңнан астамы қырғынға ұшыраған.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі