АҚШ-тың сауда өкілі Роберт Лайтхайзр жексенбі күні жасаған мәлімдемесінде, келесі жылдың 1 наурызы АҚШ-Қытай сауда келісімінің соңғы мерзімі екенін, осы уақыт ішінде келісімге келе алмаса жаңа кедендік салықтар енгізілетінін қайталай ескертті.
Естеріңізде болса, қараша соңында басталған G20 саммиті кезінде АҚШ пен Қытай басшылары келіссөзге келіп, екі ел сауда қақтығыстарын тоқтатып, 90 күндік келіссөз уақытын белгілеген еді. АҚШ президенті өз кадрлары арасынан Қытайға ең қатаң позициядағы Роберт Лайтхайзрды Қытай делегациясымен келіссөз жүргізуге міндеттеген болатын.
Жексенбі күні Лайтхайзр CBS арнасына (Комубия телеарнасы) берген сұхбатында: «Менің білуімше, бұл ең соңғы қатаң әрі шектеулі мерзім. Мен президент мырзамен бұл мәселені талқылаған кезде, ол 3 ай уақыттан асып кетпеуді қадағалай айтты. Ол әрине келісімге қол жеткізу туралы айтты. Егер шынымен де келісімге келетін болсақ, біз оны осы тоқсан күн ішінде орындаймыз», – деді.
Осыған дейін, тараптар аталған шектеулі мерзім ішінде келіссөзге келе алмаса, АҚШ үкіметі шекті мерзімді ұзарта алатыны әр жерде айтылып келген еді. Алайда, АҚШ Сауда өкілінің мәлімдемесі бұл мүмкіндікті жоққа шығарды.