Тель-Авив қаласында нәзік жандылар зорлық-зомбылыққа қарсы наразылық шеруге шықты. Израиль елінің баспасөз қызметінің мәліметі бойыншы, түрлі жағдайда қысымға ұшыраған әйелдердің қауіпсіздігін арттыру үшін отыз мыңнан астам тұрғын қолдарына плакат ұстап, өздерінің қарсылықтарын білдірген. Оның басым бөлігі нәзік жандылардан құрылған.
Қауіпсіздік ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын Израиль елінде араб әйелдері әртүрлі зорлық-зомбылықтарға кезігеді. Ағымдағы жылдың басынан бері 24 әйелдің зорлық оқиғасы тіркелген.
Естеріңізге сала кетейік, BBC арнасы 2018 жылдағы бір күнді таңдап алып, әлемдегі осындай келеңсіз оқиғаларды зерттеп көрді. Нәтижесінде бір ғана 1 қазан күні әлемнің 27 елінде 47 әйел зорлық-зомбылық әрекетінен көз жұмған.
БҰҰ тарабы аталған мәлімдемеде, қауіпсіздік қызметкерлерінің көп жағдайда әйелдердің қастандықпен көз жұмғанынан хабарсыз қалып жататынын айтады. Демек, мұндай қылмыстар ресми статистикадан әлде қайда көп болуы мүмкін.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді