Израиль қауіпсіздік күштері Батыс Шерия аймағында жүргізген «тазалау операциясы» кезінде 16 палестиналықты тұтқындады. Израиль тарабы жасаған мәліметте, қамауға алынған палестиналықтарға «лаңкестік әрекеттерге қатысы бар» деген айып тағылған.
Израиль қарулы күшпен бақылауына алған Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалимде үйлерге жиі тінту жүргізіліп тұратыны белгілі болды. Кезекті «тазалау операциясы» да соның бірі. Мәліметтерге қарағанда, лаңкестік шабуылмен қатысы бар делінген палестиналықтар тұтқындалып, тергеуге алынған.

"Тазалау операциясы" кезінде тұтқындалған палестиналық. Фото: Анадолы7
Израильдің тарабы «әкімшілік тергеу» процесі тұтқындалған палестиналықтарды 1 айдан 6 айға дейін қамауда ұстайды. Егер тергеу кезінде күдіктінің Израиль қауіпсіздігіне қатер төндіргені расталса, 5 жылға дейін қамалады.
Палестина ресмилері бұндай тінту әрекеттерін айыптайды және Израиль түрмесінде 6 мың 500-ден астам палестиналықтардың қамауда жатқанын алға тартады.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау