Грузия мемлекетінде президент сайлауының екінші кезеңінде тәуелсіз кандидат Саломе Зурабишвили көш басында тұр. Бұл туралы Грузияның Орталық Сайлау Комиссиясы хабарлады.
Сондай-ақ, ОСК басшысы Тамар Жванияның мәліметі бойынша, «Грузинская мечта» партиясы қолдау көрсеткен Салмоне Зурабишвили 57 пайыз дауыс жинаған. Ал, оның қарсыласы оппозиция өкілі Григол Вашадзе 43 пайызды ғана еншіледі.
Грузия еліндегі дауыс беруге қатысушылардың саны 3 528 658 мың адамды көрсеткен. Ал, екінші кезеңнің әділ өтуін бақылау үшін халықаралық ұйымдардан 1300 адам келген.
Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанда өткен алғашқы президенттік сайлаудан екі кандидатта 50 пайыздан аса дауыс жинай алмаған. Сол уақытта Саломе Зурабишвили 38,64 пайыз жинаса, Григол Вашадзе 37,74 пайыздық көрсеткішке ие болды.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті