Қытай десе еске түсетін Ұлы қытай қорғанының кейбір жерлері құлап қалу қаупінде тұр. Архитекторлар қорғанның бүлінген жерлерін табу үшін дрондарды пайдалануда.
Қытай ақпарат құралдарының хабарына сенсек, қорғанның бүлінуі өсімдіктер мен ауа-райының әсерінен болған. Ал, қалпына келтіру жұмыстары үшін басты қиыншылық тау жоталарына салынған қорғанға құрылыс материалдарын жеткізу болып отыр. Қорғанның биік тау жоталарынан асатын тұстарына құрылыс материалдарын жеткізу үшін ат немесе есектерді пайдалануға тура келеді екен.
Тарихи құрылысты қалпына келтіру үшін пайдаланатын тастарды архитекторлар байырғы заманның шеберлеріне ұқсас алып тастардан қашап жасауда.
Жалпы Қытай қорғанының Бейжіңге жақын маңдағы қорған дуалдары ғана тастардан қаланғаны болмаса, бірнеше мың шақырымға созылған басым көп бөлегі кәдімгі сары топырақтардан соғылған. Мың жылдықтарды артқа тастаған қорғанның кейбір тұстарының шөккен түйедей жұрнағы ғана қалған.
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?