Қазіргі таңда Финляндия билігі Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігіне қару сатуды тоқтату туралы шешім шығарды. Бұл туралы фин елінің сыртқы істер министрлігі мәлімдеп отыр.
Сыртқы істер министрлігінің сөзінше, аталған шешім Абу-Даби мен Эр-Риядтың журналистке жасаған әрекеті мен Йемендегі гуманитарлық дағдарыстың өрбіп жатқандығынан шыққан.
Бұдан сәл ертеректе Германия және Дания елдері де журналист Жамал Хашоггидің ісі толықтай бітпейінше, Сауд Арабиясына қару тасымалын тоқтататындығы туралы мәлімдеме жасаған болатын.
Ал, 2014 жылдан бері жалғасып келе жатқан қақтығыс Йемен елін толықтай тоқырау жағдайына алып келді. Үш жақтың арасындағы қақтығыстардан, бүгінде үш миллионға жуық тұрғын босқын болса, бірнеше миллион адам ауыз судың зардабын тартып отыр.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті