NASA кәсіпкер Илон Масктың наша шегіп отырған бейне ролигінен соң Boeing және SpaceX корпорацияларында ауқымды тексеру жүргізетінін айтты.
«Associated press» агенттігінің хабарлауынша, бұған Илон Масктың «әдепсіз әрекеттері» мен қауіпсіздік талаптары себеп болған. Сол себепті NASA қызметкерлері екі бәсекелес корпорацияларда қызмет барысының қалай орындалатынын тексермек. Ресми NASA өкілі Уильям Герстенмайер ғарышқа ұшырылатын зымырандардың еш қауіпсіз және сапалық жағынан жоғары екендігіне көз жеткізуіміз қажет дейді.
Айта кетейік, қыркүйекте SpaceX компаниясының басшысы Илон Маск америкалық «The Joe Rogan Experience» подкасының тікелей эфирінде ішімдік ішіп, марихуана шегіп отырып сұхбат берген. Танымал миллиардердің бұл қылығы NASA басшылығының күмәнін туғызып отыр.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы