Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар мадридтік «Реалға» өту үшін шарт қойды.
Don Balon басылымының мәліметінше, Франциялық «Пари Сен-Жермен» ойыншысы Неймар испаниялық Серхио Рамоспен бір командада ойнағысы келмейді. Егер Рамосты басқа құрамаға сатса ғана, «Реал» ойыншысы болуға ниетті екендігін айтқан. Мұнымен қоса, Неймар каталониялық «Барселонаға» оралғысы келеді. Себебі, ол уругвайлық шабуылшы Эдинсон Каванимен жанжалдасып қалуына байланысты «Барселонаның» басшылығына құрамаға қайта оралу туралы ұсыныс білдірген. 2017 жылы Неймар «Барселонадан» ПСЖ-ға ауысқан болатын. Осы кезде оның трансферлік құны 222 миллион еуро болды.
Қазірше мадридтіктердің президенті Флорентино Перес форвардтың трансфер жасауын қалайды. Демек, алдағы уақытта Перес командада нақты кімнің ойын көрсететінін анықтауы тиіс.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті