Әлемдегі ең қымбат клубтардың тізімі жарияланды.
Forbes журналының 2018 жылғы рейтингі бойынша, әлемдегі ең қымбат клубтардың тізімін АҚШ-тың «Даллас Кавбойз» клубы бастап тұр. Оның құны былтырғы жылмен салыстырғанда 14 пайызға өсіп, 4,8 миллиард долларды құраған. Екінші орында Ұлыбританияның әйгілі «Манчестер Юнайтед» футбол клубы. Құрамында Поль Погба, Ромелу Лукаку, Давид де Хеа сияқты футбол жұлдыздары бар клубтың қазіргі бағасы 4,12 миллиард доллар. «Даллас Кавбойз» пен «Манчестер Юнайтедтен» кейінгі үшінші орынға Испанияның «Реал» футбол клубы жайғасқан.«Реалдың» нарықтағы қазіргі құны 4, 09 миллиард долларды құрайды.
«Forbes» журналының мәліметінше, қазіргі таңда әлем бойынша құны 1 миллиард доллардан асатын 106 клуб бар. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 19 клубқа көп. Жалпы, биылғы жылы өткен жылдармен салыстырғанда әлемде топ клубтардың бағасы бірнеше есеге қымбаттаған. Атап айтқанда испаниялық «Барселонаның» құны 424 миллионға қымбаттап, 4,064 миллиард долларға жеткен.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес