Вена аустриялық әскери қызметкерді «Мәскеу тыңшысы» деп мәлімдесе де, ресейлік дипломаттарды елден шығармайтын болды. Бұл туралы «Kronen Zeitung» газетінің ресми сайты хабарлады.
14 қарашада өткен баспасөз мәслихатында Аустрия канцлері Себастьян Курц тыңшылық әрекеттерге тосқауыл қоятынын және Ресеймен байланысты сақтайтынын айтты. Күдікті қолға түскен соң, айыбын мойындаған. Осыдан кейін Курц Ресейдің бұл әрекетін сынға алып, «тыңшылықтың шегіне» балады. Сондай-ақ Аустрия сыртқы істер министрі Карин Кнайсльдің Ресейге жоспарланған сапары тоқтатылды. Ал Ресей Сыртқы істер министрлігі Вена отставкадағы полковниктен күдіктенсе, алдымен тікелей Мәскеуге хабарлауы тиіс еді деген.
Еске сала кетейік, 9 қарашада Венада «Ресей тыңшысы» қамауға алынған болатын. Аустрия армиясының 70 жастағы отставкадағы полковнигі арнайы барлау кезінде қолға түскен. Мәліметтер бойынша, ұсталған полковник өзінің ресейлік басшысына «Аустрия әскери барлау қызметі, артиррелия, авиацияға қатысты мемлекеттік құпия мәліметтерді» Ресейге жасырын түрде жіберіп отырған және «өз міндетін мінсіз атқарған». 20 жыл бойғы тыңшылық қызметі үшін оған 300 мың еуро көлемінде қаржы төленген.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды