Грузиядағы президент сайлауының екінші кезеңі 28 қараша күні өтетін болды. Бұл туралы елдің орталық сайлау комиссиясы мәлімдеп отыр.
Бірінші кезеңде сынға түскен үміткерлердің ешқайсысы 50 пайыздық межеден аса алмаған болатын. Осылайша, 28 қазан күні өткен сайлау кезінде елдің жаңа президенті тағайындалған жоқ.
Қарашаның 28 күні өтетін екінші кезеңде Саломе Зурабишвили мен Григол Вашадзе бәсекелесетін болады.
Орталық сайлау комиссиясының сөзіне сүйенсек, бірінші кезеңде тәуелсіз кандидат Саломе Зурабишвили 38,64 пайыз дауыс жинаса, оппозициялық колиция үміткері Григол Вашадзе 37,74 пайыз дауысқа ие болған.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті