Әлемдік басылымдар (“The New York Times”, “ Sina.Net”) АҚШ президенті Доналд Трамп пен Жапония премьер-министрі Шиндзо Абе Флоридадағы люкс мейрамханада тамақтана отырып, Солтүстік Корея тақырыбын талқыға салды деп хабарлауда.
13 ақпан күні, АҚШ президенті Доналд Трамп Флоридадағы "Mar A Loga" сәулетті мейрамханасында жапон бас уәзірімен тамақтана отырып, Солтүстік Кореяның зымырандар атуы мен оған қалай төтеп беру тақырыбын талқылаған деген хабар бар. Бұл хабардың ең бастапқы қайнары DeAgazio атты Facebook қолданушы өзінің жеке парақшасында жариялаған жазбасы мен фото суреттерінде болса керек. Ол бір топ көмекшілері қоршап тұрған үстелде Трамп пен Абэның қызу әңгімеде отырған суреттерін жария еткен. Онда көмекшілері бірнеше файлдарды екеуіне ұсынып, ұялы телефонның шырағы арқылы жарық түсіріп тұрғаны байқалады. DeAgazio өзінің парақшасына: «Ой, Тәңірім! Солтүстік Корея Жапонияға қарата зымыран атты деген хабар бар. Кешкі ас ішуге барғанымда осы бір көріністі (суреттегідей) көрдім», – деп жазыпты. Сосын ол аз кеңестен кейін асыға барып, бір бөлмеде екі ел басшысының шұғыл мәжіліске отырғанын айтады.
Хабарларға негізделгенде, екі ел басшылары мейрамхана есік алдында жетіп, суретке түскен кезде, бір журналист олардан шамамен бір сағат бұрын Солтүстік Кореяның зымыран атқаны жайлы сұрау салады. Алайда Трамп бұл журналистті елемей қойса керек. Екі сағат өтпей жатып, екі ел басшысы бұл хабар туралы арнайы журналистерді қабылдауына тура келген. Бұған әлеуметтік желіде тарап кеткен суреттер себеп болса керек.
CNN журналистері мейрамхананың қызметкерлеріне сұхбат жасағанда, олар екі ел басшыларының не туралы талқылағанын естімегенін, құжат-файлдарда не сыр бары туралы білейтіндерін айтады. Ал, Ақүйдің ресми өкілі Спайсер мәлімдеме жасап: «Екі ел басшысы тамақтанардан бұрын, орындарының қауіпсіздігі туралы мәлімет алды, тамақ үстіндегі диалогтар тек мейрамхананың қызмет көрсетуі мен дәмді тағамдары туралы ғана болды. Әлеуметтік желілердегі айтылғандай күрделі тақырыптар айтылған емес», – деп түсіндірді.
“The Qazaq Times”