Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның үлкен ағасы Ким Чоң Нам Малайзияда қастандыққа ұшырап, қайтыс болғаны жайлі хабарлар түрлі БАҚ беттерінің қызу талқысына түсіп жатыр. Малайзия медияларының хабарлауынша, Малайзия мемлекетінің ең жоғары лауазымды полицей басшысы Дан сриланка мынаны анықтады: 13 ақпан күні 46 жастағы терістік кореялық бір ер адам Кулалампордағы нөмірі екінші әуежайда жолаушыларға қызмет көрсетушілерінің жедел жәрдеміне жүгінген, артынша емханаға жетпей, жолда көз жұмған. Селангор аймағының әкімшілік істерінің жауаптысы Фазри 14 ақпан кеште қастандықтан өлген азаматты Ким Чоң Нам деп тұрақтандырды.
Селангор аймағының ең жоғары полицей басшысы Датук Абдул Сутаның айтуынша, Ким Жоңнам13 ақпан түстен бұрын сағат 8: 00 мөлшерінде Кулалампор халықаралық әуежайда ұшақ күтіп отырғанда, белгісіз бір әйел адам оған шабуылдап, сұйықтыққа малынған бұлмен Кимнің басын бүркей қояды да, дереу қашып кетеді. Екі көзі қатты жайсызданған Ким Жоңнамдереу сол жердегі жедел жәрдем көмегіне жүгінген. Алайда, қалалық емханаға жетпей, жолда көз жұмған. Ким Чоң Нам биыл маусым айында Малайзияға келген, дәл сол күні Аумынға (Макао) ұшатын кезекті ұшақты күтіп отырған.
Әуежайдағы камераға түскен бейнеден қастандық жасаушы әйелдің Солтүстік Корейлікке ұқсайтыны байқалады.
Сол майданда байқап қалғандардың айтуынша, ойындағысын орындаған қанқұйлы әйел тағы бір әйелмен бірге дереу әуежайдан қашып кеткен.
«Қазірше ештеңені де кесіп айтуға келмейді. Малайзияның жергілікті заң органдары қандықолдың кім екенін тұрақтандырып, медициналық сараптаның натижесі жарыққа шықайынша, Ким Чоң Намның өлім себебіне бірдеңе деу қиын» деді Абдул Сута.
Ал, ОңтүстікКореяның «орталық газеті» мен Жапонияның «бірлік» агенттігі қылмыс күмәндісі екі әйел, олардың екеуі де өлген дейді.
Ауд: әділет Ахметұлы
«The Qazaq Times»