Ингушетия басшысы Юнус-Бек Евкуров жаңа шекара туралы заңды Конституцияға сәйкес емес деп таныған республикалық соттың шешімі ештеңеге тосқауыл бола алмайды дейді.
Евкуровтың пікірінше, мұндай шешімді Ингушетияның емес, Ресейдің конституциялық соты қабылдауы тиіс. Себебі заң бірден екі өңірдің мүдделеріне лайықталған. РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында ол: «Конституциялық сот шешімі маңызды келісімді бұзбайтынын түсінген жөн. Алдағы уақытта міндетті түрде заңды күшіне енді. Екі аймақтың мүдделерін қорғайтын келісім тек қана РФ Конституциясына сәйкес және тек қана Ресей Конституциялық соты тексереді», – деді. Алайда Ингушетия халқы бұл шешімге түбегейлі қарсы.
Еске сала кетейік, қазан айының басында Ингушетия парламенті Шешенстанмен шекараны реттеу туралы келісімді бекітті. Рамзан Қадыров пен Юнус-Бек Евкуров екі субъект арасында әкімшілік шекара орнату туралы ортақ шешімге келген соң, Ингушетия жұрты жаппай ереуілге шыққан. Сондай-ақ келісімді ратификациялау үшін 35 депутаттың тек 17-сі ғана қолдап дауыс берді. Сол себепті екі ел арасындағы шекара байланысы әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі