Украинаның Житомир облысы орыстілді мәдени өнімдерге толықтай тыйым салды. Осыған дейін мұндай тыйым Львов облысында енгізілген.
УНИАН агенттігінің хабарлауынша, ресейлік мәдени саладағы өнімдерден бас тарту туралы актіні облыстағы кеңес депутаттары бір ауыздан қабылдаған. Тыйым актісі бойынша, енді орыстілді бағдарлама, фильмдерді көрсетуге, ақпараттарды жариялауға болмайды. Сондай-ақ ресейлік өнерпаздардың гастрольдік сапармен келуіне де қатаң тыйым салынған. Украина заңына сәйкес, жаңадан қабылданған акт жалпыға ортақ және жергілікті өзін-өзі басқару орындары бірінші кезекте жүзеге асыруы тиіс.
Облыс депутаттарының айтуынша, «қатаң тыйым» украин тілінің қолданылу аясын кеңейту мақсатында жасалып отыр. «Ресей Украина аумағын басып алудан толықтай бас тартпайынша» аталған акт өз күшін жоймайды.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр