Сенбі күні басталған Ауғанстан Парламент сайлауына дауыс беру, кеше де, яғни, 21 қазан күні де жалғасты. Сенбі күні дауыс бермеген ауғанстандықтар сайлау учаскелерінде дауыс берді.
Сайлау комиссиясы өкілдерінің айтуынша, сенбі күні 3 миллиннан аса адам дауыс берген, алайда, дауыс беруде көптеген мәселелер болған. Айталық, кейбір сайлау учаскелері ашық болмады және дауыс санау құрылғыларында техникалық ақаулар болған. Дауыс берушілер мен сайлау учаскелерге жасалған террорлық шабуылдардан 15 адам қаза болған.
Таоибан тарабы сайлауға барлық кедергілерді жасауға тырысатынын, сайлау учаскелеріне террорлық шабуылдар ұйымдастыратынын бірнеше рет хабарлаған болатын. Бірақ, Талибанның үркітіп-қорқытуына қарамастан, миллиондаған ауғанстандық парламент сайлауына дауыс берді.
Сайлау нәтижесі бірнеше аптадан кейін анықталуы мүмкін. Ал Кандагарда сайлаудың әлі өтпегені туралы мәліметтер бар. Оған өткен аптадағы террорлық шабуылда ықпалды полиция басшысы Абдулла Разихтың өлімі себеп болып отыр.


















ҚАРСЫЛАСУДЫҢ ЖАҢА ФАЗАСЫ: Соңғы 72 сағат соғыстың қай бағытқа кеткенін көрсетті
Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті