Уашингтон енді әр ай сайын Ресейге қарсы санкцияларды жаңартып отырады. Бұл туралы Атлантика кеңесінің жиынында АҚШ-тың Украина бойынша арнайы өкілі Курт Уолкер айтты.
Уолкер өз мәлімдемесінде «санкция – Ресейдің астыртын әрекеттеріне қарсы күш және қысым көрсетудің бірден-бір жолы» – деді. Оның пікірінше, АҚШ Ресейге қатысты позициясынан айнымайды және бұрынғы қатаң қаулыларды (санкция) жиі жаңартып, күшейтіп отырады. Бұл ретте ол Ресейге қарсы саясат ұстануда көмек көрсеткені үшін Еуропалық Одаққа алғыс білдірді.
Сондай-ақ К.Уолкердің сөзінше, Киевке америкалық қару-жарақ сатуға қойылған эмбарго өз күшін жойып, Америка үшін Украина өз алдына дербес мемлекет ретінде танылады. Бұл әрекеттердің мақсаты – екі ел арасындағы байланысты шиеленістіру емес, керісінше Ресейдң Украинаға және өзге де мемлекеттерге қарсы басқыншылық саясатын жою екендігін баса айтты.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел