Израиль әуе күштері Газаның оңтүстігінде әуе операциясын жасады. Бұл туралы Израиль әуе күштерінің таратқан мәлімдемесінде белгілі болды.
Израиль әуе күштерінің мәлімдемесінде: «Ұшақтарымыз Газадағы террорлық нысандарға бағытталған әуе шабуылдарын бастады. Бұл Газадан Израильге бағытталған зымыран шабуылына берген жауабымыз», – делінген.
Осыдан бұрын Израиль тарабы Газаның оңтүстігіндегі территориясына зымыран шабуылы жасалғанын мәлімдеген болатын.
Ал Газадағы «Хамас» күштері сол жердегі бірнеше нысанға әуе шабуылы жасалғанын растады.
Айта кетейік, жақында Израиль қорғаныс министрі сол елдегі ақпарат құралдарына берген сұхбатында алдағы уақытта Газаны жойқын әскери шабуыл күтіп тұрғанын айтқан болатын.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел