Трамп үкіметі Қытай билігіне қарата айыптаулар жолдап, Бейжің саясатын сынға алып жатқан тұста, АҚШ-тың Қытайда тұратын бас елшілігі Бейжіңнің сөзін сөйлеп шықты. Бір күн бұрынғы АҚШ-тың Қытайдағы елшілігінің мәлімдемесінде Трамптың Қытай үкіметіне қаратқан, соның ішінде АҚШ-тағы сайлауға араласу ісін қамтыған айыптаулары негізсіз екенін айтты. Бұл туралы VOA жаңалықтар қызметі мен Қытайдың ресми ақпарат агенттіктері хабарлады.
Ақ үй билігі осыдан бұрын әлемді дүр сілкіндірген ақпаратты таратып, Қытай билігін АҚШ-тағы сайлауға араласуға әрекеттенді, сол арқылы Республикашылдарға дауыс берушілерді бұрып әкетпек болды деп айыптаған еді. Дегенмен, Ақ үй бұл айтылғандардың нақты дәлелдерін ашып жария етпекен болатын.
Ақ үй және Қытайдың ағылшын тіліндегі ресми басылымы «China Dail» көптеген америкалық газеттердің кіріспе беттерінде өзін жарнамалағанын айтқан еді.
Осыған байланысты АҚШ-тың Қытайдағы бас елшісі Цуй Тянкай: «Интерфакстік жарнамалар америкалық БАҚ-тағы кең таралған әдіс. Өз пікіріңіз үшін газеттегі кіріспе жарнаманы сатып алу қалыпты іс», – деген пікір білдірген. Ол және АҚШ-Қытай арасындағы сауда соғысының болып жатқанын да терістейді. «Бұл бар болғаны екі жақтың сауда тарифтерінің жоғарлауы ғана», – деп бағалап отыр.
Цуй Тянкайдың айтуынша, АҚШ тарабының Қытайды айыптап, Оңтүстік Қытай теңізіндегі әскери қадамдарын сынға алғаннан кейін екі ел арасындағы әскери шиеленістің де арта түскенін, бұл қайшылықтарды Трамп пен Ши арасында келіссөз арқылы шешу керектігін айтады.