Ирактың сыртқы істер министрі әл-Жафари сүриялық әріптесі Валид әл-Муаллимен екі елдің арасындағы кедендік бақылау жұмысын жалғастыру жөніндегі тақырыпта бірқатар мәселелерді талқылады. Бұл туралы түркияның «Анадолы» агенттігінің ресми сайты хабарлады.
Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, қос ел өкілдерінің арасындағы дипломатиялық кездесу Дамаск қаласында өткен. Аталған жиын барысында министрлер шегаралық аймақтардағы тауар айналымын қалпына келтіріп, қос мемлекеттің тұрғындарына еркін қатынау мүмкіндігін қарастыру төңірегінде сөз қозғаған. Әзірге, Ирак-Сүрия арасындағы кедендік бекеттердің нақты қай уақыттан бастап ашылатыны белгісіз. Алайда, бұл соғыстан экономикасы күйреген екі ел үшін де пайдалы болатыны анық.
Ирак және Сүрия арасындағы «Рабиа», «Әл-Каим» және «Әл-Валид» қатарлы кедендік бақылау орындарын қамтыған шекара 600 шақырымды құрайды.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі