АҚШ мемлекеттік хатшысы Помпеоның Шығыс Азия сапары аяқтала салысымен оның халықаралық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Азияға аттанды. Сапарының басты мақсаты аймақтағы елдермен келіссөздер жүргізе отырып, Солтүстік Кореяның ядролық қарудан бас тартуына қолдау мен қысымды қатар көрсету. Бұл туралы АҚШ-тағы WSJ басылымы хабарлаған болатын.
АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Кристофер Фордтың Азия сапары Сингапур, Вьетнам және Тайландқа елдеріне жасалады. Ол осы елдерде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Солтүстік Кореяға қаратқан қысымдарын және экономикалық санкцияларды қатаң сақтауды насихаттауы тиіс.
Мемлекеттік департаменттің мәлімдемесінде айтылуынша, Форд Вьетнам мен Тайланд сапары кезінде ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану мәселесін талқылайды.
Аталған елдер Оңтүстік Шығыс Азиядағы маңызды ойыншылардың қатарына жатады. Әрі, Солтүстік Кореяның бұл елдермен болған қарым-қатынасы жақсы. КХДР-ны толықтай ядролық қарудан бас тартуға көндіру үшін бұл елдердің Солтүстік Кореяға салынған санкцияны өз қалпында сақтап тұруы керек. Бұл Пиоңяң билігіне деген қысымды арттыра береді.
Айта кетейік, соңғы жылдары АҚШ пен Вьетнам арасындағы байланыс жоғары деңгейге көтерілді. Вьетнам болса Оңтүстік Қытай теңізіндегі территориялық дау-дамайдың қатысушысы.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы