Қараша айында АҚШ теңіз күштері ауқымды әскери оқу-жаттығуын өткізіп, Қытай қарулы күштеріне қарсы тұра алатындықтарын әйгілеп, ескерту жасауы мүмкін. Бұл туралы CNN хабар таратты.
АҚШ Теңіз армиясындағы құпия дереккөздерге сілтеме жасаған агенттік, оқу-жаттығудың Қытай Оңтүстік теңізінде, Тайуан (Тайвань) бұғазында, одан ары Латын Америка мен Ресей маңына дейін кеңеюі мүмкін екенін мәлімдеген.
Өз аты-жөнін білдіргісі келмеген АҚШ-тың әскери шендісі CNN-ге жасаған мәлімдемесінде: «Бұл біздің алдағы жоспарларымыздың тек біреуі ғана», – деген.
Ал Пентагон мен Тынық мұхит әсери қолбасшылық штабы бұл ауқымды әскери жаттығу туралы ешқандай ресми мәлімет таратпаған. Сарапшылардың пікіріне сенсек, әскери жаттығу елде қараша айында өтетін Конгресстегі сайлауға өз әсерін тигізуі мүмкін.
Еске сала кетейік, қазан айының бас шенінде аталған теңіз айдынында АҚШ пен Қытай соғыс кемелері соқтығысып қала жаздаған. Екі алпауыт елдің Тынық мұхиттың батысындағы бақталастығы күрделі қайшылыққа ұласып келеді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі