АҚШ Теңіз күштері мен Филиппиннің қарулы күштері дүйсенбі күні Филиппиннің Люзон қаласына жақын маңда бірлескен әскери жаттығу өткізді. АҚШ теңіз күштеріне қарасты үшінші экспедиция бригадасы және Филиппин армиясы Subic Bay Халықаралық әуежайында екінші 10 күндік «Теңіз жауынгерлері ынтымақтастығы» жаттығуының бастады. Бұл туралы VOA жаңалықтар қызметі хабарлады.
Екі елдің әскери күштері терроризмге қарсы ортақ күрес жүргізу, гуманитарлық көмек пен апаттардың салдарын жою мүмкіндіктерін жетілдіру сынды жаттығу талаптарына бағытталған кезекті бірлескен әскери жаттығуға Жапонияның да теңіз күштері қатысқан.
Былтыр қазан айында АҚШ пен Филиппин бірінші рет бірлескен әскери жаттығу өткізген болатын. Алайда, Филиппин президенті Дуттерте АҚШ-пен бірлескен әскери оқу-жаттығуларды тиімсіз деп бағалаған болатын. Осыған байланысты АҚШ тарабы Филиппинмен өткізуді жоспарлаған теңіздегі қону жаттығуларынан бас тартты.
Кейбір сарапшылардың пікіріне сенсек, Филиппин үкіметі өзіне жақын әрі ең ірі сауда серіктесі Қытайдың ренжітіп алмау үшін, АҚШ-пен келіскен қорғаныс ынтымақтастықтарын кері шегерді деп қарайды.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр