Жапония үкіметі отставкаға кетті. Kyodo агенттігінің хабарлауынша, үкімет құрамының толығымен отставкаға кетуіне премьер-министр Шиндзо Абенің (Синдзр Абэ/ Shinzo Абе) биліктің қолындағы Либералды-демократиялық партияның (ЛДП) жаңа төрағасы болып сайлануы себеп болған.
Ақпарат құралдарының мәліметінше, Абе радикалды өзгерістен бас тартып, негізгі министрлерін сақтап қалуды көздейді. Бірақ, 18 министрдің тек үштен бірі ғана өз орындарында қалған. Осылайша, вице-премьер және қаржы министрі Таро Асо, Жапония үкіметінің бас хатшысы Есихидэ Сугу және Сыртқы істер министрі Таро Коно ғана өз орындарын сақтап қалған.
Енді, Абе Жапония үкіметін үшінші рет басқармақ. Жоғарыда да айтып өткеніміздей, Жапония үкіметі Шиндзо Абе сайлаудағы жеңісінен кейін жаңа министрлер кабинетін құруы үшін толық құраммен отставкаға кетуде. БАҚ құралдары Абе осы арқылы өзінің үкімет басшысы лауазымын бекітіп алды деп жазады. Әрі, халықаралық саяси сарапшылар да осы саяси оқиға либералды-демократиялық партия мен оның лидері Шиндзо Абенің халық алдындағы беделін түсірді деп санайды.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі