Соңғы уақыттарда АҚШ-Қытай қатынасы сауда-саттық дауларына және теңіз айдындарының егемендігі, әскери қауіпсіздік мәселелеріндегі қайшылықтарға байланысты барған сайын салқындай түсуде. Екі ел арасындағы қарама-қайшылық соңғы бірнеше аптада тіпті де анық көріне бастады. Жексенбі күні америкалық әскери кеме Оңтүстік Қытай теңізіндегі Қытай бақылауындағы екі шағын аралға тағы бір рет жақын жақындап, әскери операция жасады. Бұл ресми Бейжіңнің наразылығын қозғады.
Құрама Штаттағы WSJ басылымы мен CNN арнасының хабарына қарағанда, АҚШ Теңіз күштеріне қарасты «USS Decatur» атты зымыранмен шабуылына қабілетті соғыс кемесі Оңтүстік Қытай теңізінде әскери операция жасаған. CNN арнасына сұхбат берген АҚШ теңіз күштері әскери шенділерінің бірі: «Құрама Штат әр күні Оңтүстік Қытай теңізін қамтыған Үнді-Тынық мұхит аймағында әскери операциялар жүргізіп келеді. Бұның бәрі халықаралық құқықтарға сәйкес келеді», – деген.
АҚШ теңіз күштері өз әрекеттерін «егемендік аумағын шамадан тыс кеңейтуге» қарсы тұру және халықаралық құқықпен рұқсат етілген шектерде маңызды су жолдарының еркін навигация құқығын қорғау әрекеті деп түсіндіреді.
АҚШ пен Қытай арасында Оңтүстік Қытай теңізіндегі кейбір аумақтардың егемендік құқығы туралы ұқсамаған көзқарас бар. Құрама Штат Қытайды Оңтүстік Қытай теңізінің халықаралық еркін су жолы ретінде пайдалануға кедергі келтіріп отыр деп айыптайды.
Екі ел теңіздегі әскери әрекеттері арқылы бір бірінің Үнді-Тынық мұхитындағы ықпалын әлсіретуге тырысып келеді. Бұл Қытай мен АҚШ-тың ғасырлық үлкен қайшылығына ұласуы да бек мүмкін.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді