Air Niugini әуекомпаниясына тиесілі «Boeing-737» жолаушылар ұшағы Микронезиядағы Чуук аралына қону кезінде апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Associated Press.
Агенттіктің хабарлауынша, оқиға Жапониядан ұшып шыққан ұшақтың аралға қону кезінде орын алған. Ұшақ бортында 40-50 адам болған. «Бір қуанарлығы, қазіргі мәлімет бойынша, қаза тапқандар туралы мәлімет тіркелмеді», - деп жазады postguam.com. Ұшақ бортындағы жоларшылар мен экипаж мүшелерінің барлығы үрленетін қайықтың көмегімен эвауацияланған. Оқиға бүгін, 28 қыркүйек күні таңертең орын алған. Трук аралына бағыт алған ұшақ қону кезінде ұшу-қону жолағынан шамамен 15 шақырымда суға құлап түскен. Алайда, ұшақ апатына не себеп болғаны туралы әлі хабарланбады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел