АҚШ-тың Қаржы министрлігі ресейлік 12 компанияға қарсы санкция салды. Уашингтонның ойынша, қара тізімге енген компаниялар ресейлік әскерилер мен киберқылмыскерлерге көмектеседі. Бұл туралы dw.com/tr хабарлайды.
АҚШ Қаржы министрлігінің өндіріс және қауіпсіздік бюросының шешімімен Инфотекс, Вектор ғылыми-зерттеу институты, Гамма және Сайрус Системс ғылыми-зерттеу кәсіпорыны санкциялық компаниялар тізіміне енді. Ресейдегі, Ирандағы, және Белоруссиядағы Nilco Group компаниялар тобын Уашингтон Иранның зымырандық бағдарламасына қолдау көрсетеді деп кінәлайды. Айта кету керек, бұдан бұрын АҚШ Ресейдің 33 компаниясына қарсы санкция енгізген болатын. Енді, Аэрокомпозит, Технология ғылыми-өндірістік компаниясы, Авиадвигатель конструктивті бюросы секілді компаниялар да ресейлік әскерилердің аэрокомиссиясына қолдау көрсеткендері үшін санкцияға ұшырады.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды