КХДР мен Оңтүстік Корея басшыларының саммиті АҚШ та қатысатын үш жақты келіссөздерге жол ашады. Бұл туралы Корея Республикасының КХДР жөніндегі арнайы өкілі Ли Ду Хун мәлімдеді, - деп хабарлайды liberation.fr.
«Саммитте қол жеткізілген келісімшарттар үш жақты диалогқа (Пхуньян, Сеул, Уашингтон) жол ашады», - деген Ду Хун, осының көрсеткіші ретінде Сеул мен Уашингтонның екіжақты кеңес алмасу кездесулерін атауға болатынын айтты. Оған алдағы аптада болатын Оңтүстік Корея мен АҚШ президенттерінің кездесуін мысалға келтірді. Саммит қорытындысы бойынша ядролық қарудан бас тартуға шешім шығарылып, енді барлық тараптар осы бағыт бойынша нақты қадам жасаулары керек. Еске салайық, бұдан бұрын АҚШ барлау ұйымы ядролық қарудан босатуға жасалған қадамдарға қарамастан, КХДР ядролық қару жасауды әлі жалғастыруда деп хабарлаған еді. Бәрімізге белгілі, 12 маусымда Сингапурда тарихта алғаш рет АҚШ пен КХДР-ның арасында жоғары деңгейдегі кездесу өткен еді. Трамп пен Ким Жоң Ын келіссөздер қорытындысы бойынша ортақ құжатқа қол қойды. Онда Пхеньян Корей түбегін ядролық қарудан толық босатуға дайын екенін хабарлап, ал АҚШ оған қауіпсіздікке кепілдік беруе міндеттелген болатын.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр