АҚШ-тың Иран бойынша арнайы өкілі Брайан Гук Ақ үйдің ядролық бағдарлама жөнінде жаңа келісімшарт жасау үшін Иран билігімен келіссөздер жасауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы lanouvellerepublique.fr хабарлайды.
«АҚШ Иранмен баллистикалық зымыран өңдеу жөнінде Теһран бағбарламасын да қамтитын келісімшарт жасау туралы келіссөздер жүргізудің жолдарын іздеуде. Біз нағыз келісімшарт жасауға тырысамыз», - деген Гук, жаңа келісімшарттың «бұдан алдындағы секілді екі үкімет арасындағы қажетсіз келісімшарт ретінде қалмайтынын» да айтқан.
Бұдан бұрын, үстіміздегі жылдың 8 мамырында АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі келісімшартан шығатынын мәлімдеп, ирандық режимге қарсы жаңа санкциялар енгізген еді. Ақ үй басшысы келісімшартты әділ емес деп атап, оның Теһранның ядролық амбициясын шектейтініне күмәнмен қарайтынын жасырмаған болатын. Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі 2015 жылғы тарихи келісімшарт Ираннан бірқатар санкцияларды алып тастауға, оның қайтарымы ретінде ядролық материалдарды сақтау және байытуын шектеуге міндеттеген еді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті