Франция президенті Эммануэль Макрон, БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш, Дүниежүзілік банктің басшысы Джим Ен Ким және БҰҰ-ның климат жөніндегі арнайы өкілі Майкл Блумберг осы жылдың 26 қыркүйегінде Нью-Йоркте өтетін екінші «Бір планета» саммитіне қатысады, - деп хабарлайды "lanouvellerepublique.fr" Францияның СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған саммитте 2017 жылдың 12 желтоқсанында өткен «Бір планетаның» бірінші отырысында қабылданған міндеттемелер қаралады деп күтілуде. «Кездесу климаттық мәселелерді біріге шешуге арналған жеке субъектілер мен мемлекеттердің арасындағы сенімді нығайтуға жол ашады», - деп хабарлаған Француз СІМ. Спикерлер тізімінде мемлекет және үкімет басшылары, бизнес өкілдері мен экономистер де бар.

«Біз қиын кездерді өткеріп отырмыз. Біз инновацияларды қолдап, жобаларды жүзеге асырып, мемлекеттік және жеке инвестицияларды біріктіріп және жаңа ұрпақтың алдында берген уәдемізді орындауымыз керек. Уақыт жетті. Бұл біздің әрі саяси, әрі экономикалық басымдықтарымыз», - деген Эммануэль Макрон.

Еске салайық, 2017 жылдың 12 желтоқсанында өткен «Бір планета» саммитіне 4000-нан астам адам қатысып, 12 халықаралық міндеттеме қабылданған еді.

“The Qazaq Times”