Белгісіз хакерлер АҚШ Мемлекеттік департаментінің электронды поштасын бұзып, мекеменің құжаттарын және қызметкерлердің жеке мәліметтерін ұрлаған.
Американдық Politico басылымы қолды болған құжаттар аса маңызды емес екенін және ведомствоның құпия мәліметтерінің ұрланбағанын айтты. Қазіргі уақытта кибершабуылды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Осыған дейін Құрама Штаттары президенттік сайлауға араласқаны үшін және 2014 жылы Мемлекеттік департамент серверлерінің құжаттарына қол сұққаны үшін ресейлік әскери барлау қызметінің хакерлеріне айып таққан болатын. Бірақ, Ресей бұл айыптың негізсіз екенін айтты.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел