АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдан шығарылатын 200 миллиард долларлық тауарға 24 қыркүйектен бастап 10 пайыздық кеден салығын енгізетінін хабарлады. бұл туралы "eadaily.com" жазады.
Ақ үйден жасалған мәлімдемеге қарағанда, Трамп АҚШ Сауда Өкіліне Қытайға қарсы екінші кеден салығын енгізуге бұйрық берген.
Шамамен 200 миллиард долларлық тауарға қатысты тарифтердің бір аптадан кейін нақты қолға алынатынын айтқан Трамп: «Бүгін 7 аптаға жан-жақты талқылаулардан кейін АҚШ Сауда Өкіліне шамамен 200 миллиард долларлық Қытай импортына қатысты қосымша тарифтерді бастатуға тапсырма бердім. 24 қыркүйекте қолданысқа енетін және жыл соңына дейін 10 пайыздық мөлшерлемеде қалатын тарифтер 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 25 пайызға арттырылатын болады», - деген.
«267 миллиард долларлық тариф дереу қолданысқа енеді»
Трамп әлемнің ең ірі екі экономикасы арасындағы «сауда соғысының» артуына себеп болады деп есептеген мәлімдемесінде егер АҚШ-тың осы шешіміне байланысты Қытай қарсы әрекетке көшкен жағдайда, қытайлық тауарларға шамамен 267 миллиард долларлық үшінші кеден салығының дереу қолданысқа енетіні де хабарланған.
«Бұл мәселені Ши екеуміз ғана шешеміз»
Қытай билігін «әділетсіз сауда әрекеттерін тоқтатуға» шақырған Трамп: «Осы сауда мәселесі Қытай басшысы Ши Жинпиң (Си Цзиньпин) екеуміздің өзара келісіміздің нәтижесінде түбінде бір ортақ мәмілеге келуге көмектеседі», -деген.