Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин солтүстіккореялық әріптесі Ким Жоң Ынмен келіссөз жасау үшін Пхентянға келді, - деп хабарлайды lemonde.fr.
КХДР президенті Ким Жоң Уң Мун Чжэ Ынды өзі қарсы алған. Одан соң, екі ел басшылары Ким Жоң Ын мен Мун Чжэ Ин Сеулдегі құрметті қонақтарға арналған «Пэкхвавон» ресми резиденциясына бірге көлікпен барған. Оңтүстік пен Солтүстік Корея елдерінің басшыларының кездесуі 15.30-да (Астана уақытымен – 12.30) басталып, 17.00-де (14.00) аяқталады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, оңтүстіккореялық президент Ким Жоң Унмен осы жылдың сәуір және мамыр айларында өткен саммитте қол жеткізілген келіімшарттардың жүзеге асырылу барысын талқылайды деп күтілуде. Бұл АҚШ-тың КХДР-мен екіжақты диалогты жалғастыруына байланысты. Одан бөлек, бүгінгі кездесуде екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі жақсарту, аймақты қарусыздандыру, солтүстік кореялықтардың АҚШ-пен диалогын дамыту, сонымен қатар, Корей түбегіндегі әскери шиеленісті әлсірету мәселелерін талқылайды. Бұл — оңтүстіккореялық лидердің 2007 жылдың қазан айында КХДР-ның бұрынғы президенті Но Мун Хеннің ресми іссапарынан соң, 11 жылдан кейінгі алғашқы сапары.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні