Түркия мен Ресей елдері Идлибте қарусыздандырылған аймақ құруға шешім шығарды. Бұл туралы РФ президенті Владимир Путиннің сөзіне сілтеме жасап «strana.ua» хабарлайды.
«Бүгінгі кездесуде біз Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен осы жағдайды жан-жақты талқылап, осы жылдың 15 қазанына дейін үкіметтік әскерилер мен қарулы оппозиция орналасқан шекара бойында 15-20 шақырымдық қарусыздандырылған аймақ құруға шешім шығардық», - деген В.Путин. Ресей басшысының айтуынша, аталған аймақты түрік бөлімшелерінің патрульдік топтары мен ресейлік әскери полиция бақылауға алатын болады. Ал, 10 қазанда аталған аймақтан Түркия барлық оппозициялық топтардың минометтері мен құрал-саймандарын, ауыр қаруларын, танктерін шығарады. Одан бөлек, Түркия мен Ресейдің Қорғаныс министрлері Идлибке байланысты меморандумға қол қойды.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті