Эритрей президенті Исайяс Афеворки мен Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмет бейбітшілік туралы келісімшартқа қол қойды, - деп хабарлайды france24.com/fr.
Сонымен қатар, Al Arabiya телеарнасының да хабарлауынша, бейбітшілік туралы келісімшартқа қол қою салтанатына Сауд-Арабиясының патшасы Салман бен Әбдел Әзиз Әл Сауд пен БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш те қатысқан. Бұдан бұрын да Эфиопияның Эритреймен бейбіт келісімшарт жасасуға келіскені туралы хабар тараған еді. Осыған байланысты, 20 жылдан бері жалғасып келген соғысқа нүкте қойылған.
Еске салайық, 1998 жылы екі мемлекет арасындағы қақтығыс Африкадағы ең ірі қантөгісті соғыс ретінде тіркеліп, екі жылдың ішінде екі тараптан он мыңдаған адам қаза тапқан еді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы