Солтүстіккореялық лидер Ким Жоң Уң мен оңтүстіккореялық әріптесі Мун Джэ Иннің екіжақты келіссөздерінде Корей түбегін қарусыздандыру басты тақырып ретінде талқыланбақ.
Бұл туралы оңтүстіккореялық президент әкімшілігінің басшысы Им Чжон Соктың мәлімдемесіне сілтеме жасап lanouvellerepublique.fr хабарлайды. «Кешегі күнге дейін қарусыздандыру Солтүстік Корея мен Бірікен Штаттардың арасындағы келіссөздердің күн тәртібінен түспеді. Енді, қарусыздандыру корейаралық жоғары деңгейлі саммитте басты мәселе болмақ. Бұдан кейін ешқандай келісімшарт болмайтындықтан, бұл мәселені елеусіз деңгейде талқылауға болмайды», деп мәлімдеген Им Чжон Сок Сеулде өткен баспасөз жиынында.
Еске салайық, 18-20 қыркүйекте Солтүстік Корея астанасы Пхеньянда корейаралық саммит өтеді. Оған Корей мемлекеттерінің басшылары қатысады деп күтілуде. Қос Корея елі басшыларының алғашқы кездесуі осы жылдың сәуір айының 24-де Пхеньянда өткен еді. Ал, алдағы кездесу Панмунджомада қол қойылған декларацияны жүзеге асыруға қатысты мәселлерге арналады деп те күтілуде.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні