Лондон мэрі Садик Хан Ұлыбританияның Еуропа Одағынан шығуына қатысты екінші референдум өткізуге щақырды, - деп хабарлайды lanouvellerepublique.fr.
Ханның сөзінше, британиялықтар «соңғы сөздерін айтулары керек». «Бұл — Еуроодақпен арадағы кез келген келісімшартқа бағытталған жалпыхалықтық дауыс беруді білдіреді. Ұлыбритания алты айдан кейін қандай да бір «жарамсыз келісімшартпен» бетпе-бет қалады немесе мүлде «келісімшартсыз» қалуы мүмкін" , - деп жазған Лондон мэрі «Observer» газетіне жазған мақаласында.
Қазіргі таңда, Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан 2019 жылдың наурыз айының соңында шығатыны нақтыланса да, осы саяси шешімге қатысты таласты пікірлер толастамай тұр. Мәселен, Тереза Мэйдің «Брекситке» қатысты саясатына наразы болғаны үшін Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі лауазымынан өз еркімен кетуге тілек білдірген Борис Джонсонның саяси амбициясы көп талқылануда. Ал, Тереза Мэй «Брексит» туралы жаңа референдум «демократияға жасалған сатқындық» болады деп мәлімдеді. Айта кету керек, Лондон мен ЕО осы жылдың қазан айының соңына дейін Ұлыбританияның одақ құрамынан шығуына қатысты шарттар туралы келіссөздерді аяқтаулары керек.
Өткен аптада ЕО-тың «Брекситке» қатысты келіссөз жасаушы өкілі Мишель Барнье Ұлыбританияның одақ құрамынан шығу шарттары туралы келісімшарттар 6-8 апта ішінде біржақты етілетінін айтып, мәлімдегеннен кейін фунт курсы да бірден артып кеткен.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті