Германия канцлері Ангела Меркель Ресейге қатысты ойынан айнымайтын болды. Осы аптада Вильнюсте Эстония, Литва және Латвия мемлекеттерінің басшыларымен кездесу кезінде ол Мәскеуге салынған санкцияны жұмсартпайтынын айтқан.
Бүгінде Украинада орын алған жағдайлар кез келген мемлект үшін қорғаныс мәселесінің басты орында болу керектігін көрсетті. Кездесу барысында Меркель Ресейге баса тоқталып, Украина территориясын қалпына келтіруге бағытталған келісімдерінің жүзеге аспай отырғанын ескерткен. Сондай-ақ Меркель «Минск келісімі толыққанды орындалмайынша, Мәскеу санкция туралы сөз қозғамай-ақ қойсын» – дейді.
Демек, Ресейдің аталған келісімнен тыс қандай да бір өтініші Меркельдің ойын өзгертпейді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті