Сүриялық Ракка қаласының тұрғындары америкалық әскерилердің елден кетуін талап етіп, АҚШ-тың әскери базасына қарсылық науқанына шығуда. Бұл туралы «Fars News Agency» хабарлайды.
БАҚ ақпараты бойынша, Біріккен Штаттар тарапынан қоршауға алынған қаланың бірнеше ондаған тұрғыны АҚШ-тың Қарулы күштерінің базасына шыққан. Митинг әскери нысаннан 500 шақырымда өтуде.
Митинг ұйымдастырушылар америкалық әскерилердің Ракка қаласы мен елден шығарылуын талап еткен жазулар ұстап шығуда. Сонымен қатар, олар осы аймаққа ресми Дамаск тарапынан бақылауға алынған үкіметтік әскердің кіруін талап етуде.
Еске салайық, осыдан бір жыл бұрын АҚШ пен оның одақтастары терроризмге қарсы одақ бойынша «ДАИШ» астанасы — Ракканы азат ету бойынша операция бастаған еді. Пентагон жаппай бомбалау бейбіт тұрғындарға ешқандай зарар әкелмеді деп ақталса да, кейін қалаға барған құқық қорғаушылар жүздеген бейбіт тұрғынның қаза тапқаны туралы баяндама жариялады. Әсіресе, олардың кейбірі америкалық әскерилер тарапынан өлтірілген болып шықты.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы