«Times» журналының хабарлауынша, Risk IQ америкалық компаниясының зерттеуінен соң Британиядағы 380 мың тұтынушының жеке мәліметтерін ресейік хаккерлер ұрлағаны мәлім болды. Астыртын қулыққа «еті үйренген» хакерлер бұл істе арнайы инфраструктура құрып, сайттағы құжаттарды жымқырған.
Кибершауылдық әрекетті зерттеумен айналысқан мамандар Британия мен Ресей арасындағы байланыс одан ары шиеленісіп, хаос туындауы мүмкін дейді. Сондай-ақ «Скрипаль ісінен» соң ашуға мінген Британия билігі ресейлік хакерлердің әрекетіне көз жұмып қарай алмайтынын айтты.
Еске сала кетейік, ұрланған деректер қолма-қол ақшасыз есепшоттарды қамтыған. Хакерлер компания клиенттерінің ұшу кестелері мен төлқұжаттық мәліметтері сақталған ақпаратқа қол жеткізе алмаған. Киберқылмысқа барған Magecart 2015 жылдан бері әккі әрекеттерін жүзеге асырып келе жатқандығы белгілі болды.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті