Корей республикасының ӘҚ өкілі қарусыздандырылған аймақтағы Оңтүстік пен Солтүстіктің ортақ бейбіт жобаларын дайындау аясында миналарды жою үшін арнайы орталық құру керектігін айтып, дабыл қақты. Бұл туралы france24.com/fr хабарлайды.

Корей Халықтық Демократиялық Республикасы (КХДР) мен Корей Республикасының арасындағы қарусыздандырылған аймақты толықтай минасыздандыруға 200 жыл кетпек. Бұл туралы сәрсенбі, 4-қыркүйекте Корея республикасының құрлық әскери бөлімінің өкілі хабарлаған. Әскери қызметкердің сөзінше, осы минасыздандыру ісіне Оңтүстік Кореядағы барлық инженерлік бөлімшелер жұмылдырылған күннің өзінде, технологияның бүгінгі деңгейімен процесті екі жүз жылдан аз уақытта жүзеге асыру мүмкін емес. Осыған байланысты, қарулы күштер өкілі қарусыздандырылған аймақтағы Оңтүстік пен Солтүстік бейбіт жобаларының дайындығы аясында арнайы орталық құру қажеттілігі туындайтынын айтқан.

Бейресми мәлімет бойынша, 1953 жылдан бері екі ел арасындағы шекарада жаяу әскер мен танктерге екі миллионнан астам қарсы мина орнатылған. Одан бөлек, су тысқындары мен нөсер жауындар жыл сайын миналардың орындарының ауысуына әсер етеді. Сондықтан, олардың нақты орнын білу мүмкін емес. "Сол үшін, қарусыздандырылған аймақты қолмен минасыздандыру үшін сол территорияның әрбір сантиметрін тексеруге тура келеді", - деді әскери өкіл.

“The Qazaq Times”