Брюссель Лондонды сауда міндеттерін толық көлемде өз мойнына алуға құлықсыз деп айыптайды. Еуроодақ басшысы Мишель Барнье Ұлыбританияның ЕО құрамынан шығуы туралы келіссөзде британиялық премьер-министр Тереза Мэй ұсынған сауда келісімшартына қарсы шықты.
Оның сөзінше, Лондонда жасалғанмен, қызметтерге емес тек тауарларға қатысты «ережелердің жалпы қағидасы» Еуроодақ мүддесіне еш қатысы жоқ. Барнье Лондонның мұндай жоспарын «Ортақ нарық пен еуропалық жобаның соңы» деп есептейтіндіктеріне де қатысты пікір айтты.
«Мен Лондон ұсыныстарына қарсы шығамын. Әрбір азық-түлікке қызметтер көрсетіледі. Мысалы, сіздің мобильді телефондарға қатысты айтсақ, бұл олардың құнынан 20% -дан 40%-ына дейін құрайды. Бізде тауарлардың ортақ нарығы, қызметтері, капиталы бар. Біз ондаған жылдар бойы өзіміздің экономикалық жүйемізді дамыттық», - деді Мишель Барнье. Ол Ұлыбритания мен Еуроодақ арасындағы келіссөздер үшін соңғы мерзім осы жылдың қазан айының соңына дейін екенін, оларды қарашаның ортасына дейін ұзарта алатындықтарын да айтты.
Ал, Тереза Мэй Ұлыбританияның ЕО-дан шығу туралы мәселеде райынан қайтпайтынын, осы мәселеге қатысты қайтадан референдум өткізбейтінін де мәлімдеген.