Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 200 жылдық тарихы бар Ұлттық музей өртке оранды. Бразилия мәдениетін жаһанға танытқан музейде өзге де мемлекеттерге тиесілі сан ғасырлық тарихы бар мыңдаған құнды жәдігерлер сақталынған.
«The Telegraph» тілшілерінің мәліметінше, тозығы жеткен көне ғимарат біршама уақыт бойы апатты жағдайда тұрған. Тиісті жөндеу жұмыстарының дер кезінде жасалмауы салдарынан әлемдік деңгейде мойындалған мұражай толығымен жанып кеткен. Өртенген мұражай ішінде жиырма миллионға жуық экспонаттар, археологиялық мұралар, ең көне динозаворлар мен ежелгі адамдар қаңқасы, Оңтүстік Америка мен Мысыр мумиялары және өзге де жәдігерлер болған.
Ел басшылығына 2016 жылы Мишел Темер сайланғаннан кейін мұражайдағы жәдігерлерді сақтауға, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бөлінетін бюджет қоры күрт қысқартылған. Қазіргі уақытта өкімет басшысы шығынның нақты көлемін есептеу мүмкін емес екенін айтты. Тілсіз жаудан жапа шеккендер жоқ. Бірақ, бұл жағдайдан кейін Бразилия мемлекеті қаржылық жағынан жапа шегері мәлім.
Әлем көз тіккен тарихи маңызы бар орталық жұмысының күллі көкке ұшты. ХІХ ғасырда бой көтерген мұражайдан айырылған күнді бразилиялық журналистер «ұлттық мәдени трагедия күні» деп атаған.