2016 жылғы терактілерден Ауғанстанда зардап шеккендер саны – 11 500 адам. Бұл соңғы сегіз жылдағы ең ауыр көрсеткіш болып тұр. 2009 жылдан бері Ауғанстада болып жатқан атыс-шабыстардың салдарынан 25 мың адам көз жұмып, 45 мыңы жарақаттанған. Бұл туралы БҰҰ ресми сайтына сілтеме жасап rfi.fr сайты хабарлайды.
Дүйсенбі, 6 ақпан күні БҰҰ-ның Ауғанстандағы Миссиясы жыл сайынғы есебін жариялады. Олар 2009 жылдан бергі көрсеткіштерді сарапқа салды. Деректерге сүйенсек, былтырғы жылы зардап шеккендердің саны – 11 418 бейбіт тұрғын және үштен бірі балалар (3500 бүлдіршін). Оның ішіне 4500 адам қаза тапса, 7920-сы ауыр жарақат алған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 пайызға өскен.
БҰҰ-ның 2009 жылғы есеп беру құжатында, жарақат алған не мезгілсіз қайтыс болған бейбіт тұрғынның жалпы саны 6000-нан аспаған.
«The Qazaq Times»

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр