Сүрияда ресейлік әуе шабуылының нәтижесінде үш түрік сарбазы қаза тауып, 11-і жараланған. Түркияда жарық көретін Hurriyet Daily News газетінің хабарлауынша, оқиға Эль-Баб қаласында орын алған. Ресейлік снаряд түрік сарбаздары орналасқан үйге түскен. Бұл туралы "Орталық Азия хабар қызметі" жазады.
Ресейдің Қарулы күш бас штабы ресейлік шабуылдаушылар Эль-Баб ауданында әскери тапсырманы орындау барысында түрік сарбаздары орналасқан үйге байқаусызда шабуыл жасады деп мәлімдеді.
Ресей президенті Владимир Путин Түркия президенті Режеп Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, оқиғаға байланысты көңіл айтқан.
Кремль баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар Сирияда "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына қарсы шабуылды күшейтуге келіскен.
«The Qazaq Times»


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы