Террорист топтары Сүрияның Идлиб қаласының оңтүстік бөлігіндегі сүриялық араб әскерилерінің операциялары үшін бейбіт тұрғындарды тұтқынға алған. Бұл туралы «liberation.fr» ақпарат көзі хабарлайды.
Аталған ақпарат көзі террористердің балалар мен әйелдер де бар, үш бірдей отбасын кепілге алғанын жазды. Енді, террористердің кесірінен қаладағы әскери операциялар тоқтатылып, бейбіт тұрғындардың қауіпсіз аймаққа көшірілуіне кедергі келтірілуде. Еске салайық, бұдан аз уақыт бұрын Идлибке сүриялық әскерилердің жіберілгені туралы хабарланған еді. Өткен демалыс күндері үкіметтік күштердің Идлиб, Хама, Алеппо, Латакия қалаларында ауқымды әскери операциялар жүргізуіне байланысты террористердің шабуылға дайындыққа көшкені ақпарат тараған еді. Өз кезегінде бұл — қауіпсіз аймақ дәрежесі берілген бірқатар аймақтардың тынышын тағы да бұзған еді. Оппозициялық топтардың «одақтастарын Сүрияның үкіметтік күштерімен күресте көмекке шақырып, Сүрияның солтүстік-батысына өз содырларын орналастырғаны да хабарланған болатын».


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы